03/10/2026
Кеше қасиетті Жұма күні Ломоносова 50 мекенжайында орналасқан Apodit клиникасының ұжымы болып кішкентай балақайларымыздың халін біліп, балалар үйіне барып қайттық. 🤍
Балаларға азық-түлік пен қажетті заттарымызды апарып, аз да болса қуаныш сыйлауға тырыстық.
Жақсылық жасау үшін үлкен мүмкіндік немесе ерекше себеп қажет емес. Кейде біреуге көңіл бөлу, қолдау көрсету, шынайы ықыласпен жасалған кішкентай ғана іс бір адамның жүрегіне жылу сыйлауы мүмкін.
Алла жасаған жақсылығымызды қабыл етіп, әрбір балақайға бақытты балалық шақ, мейірімге толы өмір нәсіп етсін! 🤲🏻
Жақсылық жасаудан жалықпайық. Себебі жақсылықтың үлкен-кішісі жоқ. ❤️