18/09/2026
В Алматы проходит ежегодное отраслевое мероприятие аналитической компании «Фармбюджет. Казахстан 2027», посвящённое будущему фармацевтического рынка, лекарственному обеспечению и ключевым изменениям в регулировании отрасли.
С открывающим словом выступила директор Proxima Research Kazakhstan Екатерина Маркова. Она отметила, что сегодня аналитика рынка особенно важна в условиях изменений макро и микроэкономики, сегодня важно находить баланс между государственным регулированием цен, устойчивостью фармацевтического бизнеса где главным приоритетом является пациент. Обсудили вопросы доступности необходимых препаратов для пациентов. В своем докладе наряду с прогнозами развития фармрынка и цифрами потребления ЛС подчеркнула, что:
«Регуляторный механизм должен работать на конкретный результат: устойчивую систему лекарственного обеспечения, доступность препаратов, развитие производства, инвестиции и здоровую экономику», — подчеркнула Маркова.
В фокусе мероприятия — рынок ЕАЭС, налоговые изменения, коммерческие стратегии, развитие производства, взаимодействие государства, производителей, дистрибьюторов и аптечных сетей. Участники обсуждают решения, которые необходимо принимать уже сегодня, чтобы обеспечить устойчивое развитие фармацевтического рынка Казахстана в 2027 году и далее и поддерживать своих пациентов доступными , качественными, эффективными проверенными препаратами
Ключевая задача — не противопоставлять интересы государства и бизнеса, а выстраивать содержательный диалог ради своевременного доступа пациентов к качественным лекарствам.
______
Алматыда Proxima Research аналитикалық компаниясының фармацевтика нарығының болашағына, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және саланы реттеудегі негізгі өзгерістерге арналған жыл сайынғы «Фармбюджет. Қазақстан 2027» салалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Іс-шараны Proxima Research Kazakhstan директоры Екатерина Маркова ашты. Ол қазіргі макро- және микроэкономикалық өзгерістер жағдайында нарықты сапалы талдаудың маңызы арта түскенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі басты міндет бағаны мемлекеттік реттеу, фармацевтикалық бизнестің тұрақтылығы және пациент мүддесі арасындағы теңгерімді сақтау болып отыр.
Кездесу барысында пациенттер үшін қажетті дәрілік препараттардың қолжетімділігі мәселесіне ерекше назар аударылды. Фармацевтика нарығының даму болжамдары мен дәрілік заттарды тұтыну көрсеткіштеріне арналған баяндамасында Екатерина Маркова реттеу тетіктерінің түпкі нәтижеге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.
«Реттеу механизмі нақты нәтижеге жұмыс істеуі керек. Ол дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тұрақты жүйесін қалыптастыруға, препараттардың қолжетімділігін арттыруға, өндірісті дамытуға, инвестиция тартуға және экономиканың орнықты дамуына ықпал етуге тиіс», - деді Екатерина Маркова.
Іс-шараның негізгі тақырыптары қатарында ЕАЭО фармацевтика нарығы, салық саласындағы өзгерістер, коммерциялық стратегиялар, өндірісті дамыту, сондай-ақ мемлекет, өндірушілер, дистрибьюторлар мен дәріхана желілері арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері бар.
Қатысушылар Қазақстанның фармацевтика нарығының 2027 жылы және одан кейінгі кезеңде тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін бүгіннен бастап қабылдануы қажет шешімдерді талқылауда. Негізгі мақсат пациенттердің қолжетімді, сапалы, тиімді және тексерілген дәрілік препараттармен тұрақты қамтамасыз етілуіне жағдай жасау.
Басты міндет мемлекет пен бизнестің мүдделерін бір-біріне қарсы қою емес, пациенттердің сапалы дәрі-дәрмекке уақтылы қол жеткізуі үшін мазмұнды әрі нәтижелі диалог қалыптастыру.