Semey Medical University

Call Directions Website Contact the business

Semey Medical University Semey Medical University is one of the biggest higher medical education establishments of Kazakhstan
(1)

Semey State Medical University is one of the biggest higher medical education establishments of Kazakhstan Republiс, which has its own teaching hospital with the branches in the Pavlodar city. The biggest dynamics of university’s infrastructure development is given to intensive growth opportunities of the educational, scientific and innovational prosperity. There are 8 faculties with more than 3685 students from all regions of Kazakhstan, from the neighboring countries and far abroad, and around 2000 doctors improve their qualification on postgraduate level. The strategic aim of Medical University is to joint needs of The East Kazakhstan region in health care service and to develop highly qualified medical faculty.
Государственный медицинский университет города Семей является одним из крупнейших медицинских вузов Республики Казахстан, имеющий собственную клиническую базу и филиал в городе Павлодар и Усть-Каменогорск. Высочайшая динамика инфраструктурного развития университета обеспечила интенсивный рост ее образовательного, научного и инновационного потенциала. Наши выпускники востребованы как высококвалифицированные специалисты. Они успешно работают, как в Казахстане, так и за рубежом (в США, Израиле, Германии, России, Пакистане, Индии, Японии и других странах).
Нашей миссией является качественное медицинское образование во благо всего народа Казахстана. Стратегическая цель университета - это полное удовлетворение потребности в высококвалифицированных медицинских кадрах здравоохранения Восточно-Казахстанского региона.

Семей медицина университетінің профессорлары Бұхарадағы халықаралық форумда университет тәжірибесін таныстырдыХалықаралы...
16/10/2026

Семей медицина университетінің профессорлары Бұхарадағы халықаралық форумда университет тәжірибесін таныстырды

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Семей медицина университеті» КеАҚ профессорлары Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтына (Өзбекстан) барып, «Биология мен медицинаның интеграциясы: білім беру, инновациялар және жасанды интеллекттің даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Университет атынан ҚР ҰҒА академигі атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Раисов Т. Қ., Оразалина Айнаш Сапарқызы және Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты Уразалина Найля Мұратханқызы қатысты.

Сапар барысында қазақстандық ғалымдар дәрістер оқып, студенттермен практикалық сабақтар өткізіп, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасты. Халықаралық конференцияда профессор А. С. Оразалина Семей медицина университетінде интеграцияланған білім беру бағдарламасын енгізу тәжірибесін таныстырып, болашақ дәрігерлерді даярлаудағы пәнаралық тәсілдің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстанның медициналық және техникалық университеттерінің білім беру ресурстарын интеграциялауға арналған бірлескен ғылыми жұмыс таныстырылды. Бұл бағыт биомедициналық инженерия мен цифрлық денсаулық сақтауды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Халықаралық форумға қатысу академиялық әріптестікті нығайтуға, озық білім беру тәжірибелерімен алмасуға және Қазақстан мен Өзбекстан университеттері арасындағы бірлескен ғылыми зерттеулердің перспективаларын кеңейтуге ықпал етті.

15/10/2026

Бүгін денсаулық сақтау, медициналық ғылым мен білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында медицина қауымдастығының өкілдерін біріктірген III Халықаралық Med-конгресс өтті.

Конгресс Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардағы отандық медицинаның жетістіктеріне, медициналық көмек көрсетудің заманауи тәсілдеріне және денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытудың перспективаларына арналды.

Конгресс қатысушыларына құттықтау сөзін университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор Алтай Дюсупов арнады.

Пленарлық отырыс аясында мамандар клиникалық медицинаның өзекті бағыттары, нейрохирургия, балалар травматологиясы, онкогематология, ауруларды диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша баяндамалар жасады. Сондай-ақ заманауи медициналық технологияларды енгізуге, медициналық көмектің тиімділігін арттыруға және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды.

Ғылыми бағдарламаның маңызды бөлігі жас ғалымдар секциясы болды. Оның аясында магистранттар, докторанттар, резиденттер мен жас мамандар өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынып, медициналық ғылымды дамытудың перспективалық бағыттарын талқылады.

Конгресс үш тілде гибридті форматта, яғни офлайн ж�

Қазақстанда 2027 жылға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсы б...
15/10/2026

Қазақстанда 2027 жылға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсы басталды. Өтінімдер 12 қазаннан бастап қабылданады, ал оларды тапсырудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 10 қарашаны қоса алғанда. Ғылыми жобаларды іске асыру мерзімі 36 айды құрайды. Бұл туралы inbusiness.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Конкурсты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті жариялады. Қаржыландыру конкурстық құжаттамада айқындалған ғылымды дамытудың бес басым бағыты бойынша жүзеге асырылады.

Бірінші бағыт климаттың өзгеруіне төзімділік, су қауіпсіздігі, табиғи ресурстар және агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы мәселелерін қамтиды. Бұл бағыт аясында өзекті экологиялық және ресурстық мәселелерді шешуге, сондай-ақ тұрақты ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған зерттеулерге қолдау көрсетіледі.

Екінші бағыт технологиялық егемендік пен өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған. Ол елдің технологиялық әлеуетін нығайтуға, өндіріс тиімділігін арттыруға және отандық бәсекеге қабілетті технологияларды дамытуға мүмкіндік беретін ғылыми әзірлемелерді қамтиды.

Үшінші бағыт денсаулық сақтау, адами капиталды дамыту және өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне арналған. Бұл саладағы зерттеулер денсаулық сақтау жүйесінің өзекті мәселелерін шешуге, адами капиталды дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталуы мүмкін.

Төртінші бағыт ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, аумақтар мен сыни инфрақұрылымның орнықтылығын қамтиды. Бұл бағыт бойынша елдің тұрақтылығын нығайтуға, маңызды нысандар мен жүйелерді қорғауға бағытталған ғылыми жобаларға қолдау көрсетіледі.

Бесінші бағыт іргелі зерттеулерді, ғылыми негіз қалыптастыруды және ғылыми әлеуетті дамытуды көздейді. Ол жекелеген ғылыми бағыттарды одан әрі дамытуға және жаңа технологиялық шешімдерді әзірлеуге негіз болатын зерттеулерді қолдауға бағытталған.

Өтінімдер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта тапсырылуы қажет.

В Казахстане старт

Құрметті әріптестер!«Семей медицина университеті» КеАҚ профессорлық-оқытушылық құрам (ПОҚ) мен білім алушылардың ғылыми ...
14/10/2026

Құрметті әріптестер!

«Семей медицина университеті» КеАҚ профессорлық-оқытушылық құрам (ПОҚ) мен білім алушылардың ғылыми стартап-жобаларын ішкі гранттық қаржыландыру конкурсын жариялайды.

Конкурс туралы Ережемен университеттің ресми сайтында танысуға болады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім берушінің аты-жөнін және корпоративтік электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып, [email protected] электрондық поштасына қолжетімділік беру туралы сұраныс жіберу қажет.

Сұраныс алынғаннан кейін Ғылыми-зерттеу бөлімінің жобалық менеджері электрондық папкаға қолжетімділік береді. Аталған папкаға өтінім мен конкурстық құжаттардың толық пакетін жүктеу қажет.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі — 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін.

Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін ұсынылған құжаттарға формалды сараптама жүргізіледі.

Барлық сұрақтар бойынша хабарласуға болады:

Ахмадиева Тогжан Ардаковна — Ғылыми-зерттеу бөлімінің жобалық менеджері.

Тел.: +7 705 263 88 28

№ 116 кабинет, «Семей медицина университеті» КеАҚ бас ғимараты.

Уважаемые коллеги!

НАО «Медицинский университет Семей» объявляет конкурс на внутреннее грантовое финансирование научных стартап-проектов ППС и обучающихся.

С Положением о конкурсе можно ознакомиться на официальном сайте университета.

Для участия в конкурсе необходимо направить запрос на электронную почту [email protected], указав Ф. И. О. и корпоративную почту заявителя.

После получения запроса проектный менеджер НИО предоставит доступ к электронной папке, куда необходимо загрузить заявку и полный пакет конкурсной документации.

Срок приема заявок — до 1 декабря 2026 года.

После завершения приема заявок будет проведена формальная экспертиза документов.

По всем вопросам обращаться:

Ахмадиева Тогжан Ардаковна — проектный менеджер НИО.

Тел.: +7 705 263 88 28

Кабинет № 116, главный корпус НАО «МУС».

08/10/2026

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тхангал (Sailas Thangal) келді.

Сапар аясында құрметті қонақ Абай облысының әкімі Берік Уәлимен кездесті.

Сондай-ақ Сайлас Тхангал Семей медицина университетінің басшылығымен кездесті. Кездесу барысында медициналық білім беру, ғылым және мамандар даярлау салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың перспективалары талқыланды.

Сайлас Тхангал университет білім алушыларымен кездесіп, білім беру және кәсіби ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы айтып берді. Сонымен қатар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, олардың пікірлерін тыңдады.

Елшінің университетке сапары Қазақстан мен Үндістан арасындағы академиялық және кәсіби байланыстарды нығайтуға маңызды алаң болып, медицина, білім беру және ғылым салаларындағы одан әрі ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашты.

Область Абай с рабочим визитом посетил Чрезвычайный и Полномочный Посол Индии в Республике Казахстан Сайлас Тангал (Sailas Thangal). В рамках визита состоялась встреча почетного гостя с акимом Области Абай Бериком Уали.

Также Сайлас Тангал встретился с руководством Медицинского университета Семей, в ходе которой были обсуждены перспективы развития международного сотрудничества в сфере медицинского образования, науки и подготовки специалистов.

Сайлас Тангал встретился с обучающимися университета, рассказал о возможностях образовательного и профессионального сотрудничества, а также выслушал студентов и ответил на их вопросы.

Визит в университет стал важной площадкой для укрепления академических и профессиональных связей между Казахстаном и Индией и открыл новые перспективы для дальнейшего сотрудничества в области медицины, образования и науки.

07/10/2026

Семей медицина университетінде университет түлектерін даярлау сапасын арттыру: сын-қатерлер, шешімдер және жұмыс берушілермен ынтымақтастық перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Абай облысының 40-тан астам медициналық ұйымының өкілдері, оның ішінде Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшылығы мен өңірдің медициналық ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Кездесу барысында түлектерді даярлау сапасы және білім беру бағдарламаларының заманауи практикалық денсаулық сақтау талаптарына сәйкестігі талқыланды. Сондай-ақ жұмыс берушілердің жас мамандардың кәсіби даярлық деңгейіне қанағаттануы, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, өндірістік практика базасын кеңейту, тәлімгерлікті дамыту, сондай-ақ жас мамандарды жұмысқа орналастыру және өңірде орнықтыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел университет пен жұмыс берушілер арасында ашық диалог орнатуға мүмкіндік берді. Кездесу қорытындысы бойынша сұранысқа ие, білікті медициналық мамандарды даярлау бағытындағы одан әрі өзара іс-қимыл мен бірлескен жұмыстың өзекті бағыттары айқындалды.

05/10/2026

«Семей медицина университетіне» жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары Улмира Нуралиева және профессор, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) консультанты Гаухар Абуова келді.

Екі күнге созылған жұмыс сапары аясында университет басшылығымен, декандармен және бейінді кафедралардың меңгерушілерімен кездесу өтті. Кездесуде медициналық білім беруді жетілдіру және иммунопрофилактиканың заманауи тәсілдерін білім беру үдерісіне интеграциялау мәселелеріне баса назар аударылды.

Қонақтар университеттегі білім беру үдерісінің ұйымдастырылуымен, білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз етумен, білім алушылардың клиникалық және практикалық даярлығының ерекшеліктерімен танысты. Профессор-оқытушылар құрамымен кездесулер өткізіліп, студенттер арасында сауалнама жүргізілді және оқу сабақтарына қатысу ұйымдастырылды.

Болашақ дәрігерлерді иммунопрофилактика саласында даярлау мәселелеріне, атап айтқанда вакцинация, вакцинамен басқарылатын инфекциялар эпидемиологиясы, пациенттермен және ата-аналармен коммуникация орнату, сондай-ақ иммундауға деген сенімді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жұмыс сапары барысында Университет госпиталіне бару ұйымдастырылып, тақырыптық семинар өткізілді.

Жұмыс қорытындысы бойынша одан әрі өзара іс-қимылдың басым бағыттары айқындалып, медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыру және иммунопрофилактика мәселелерін «Семей медицина университетінің» білім беру бағдарламаларына интеграциялау бойынша практикалық қадамдар белгіленді.

Address

Kazakhstan, Abay Street 103
Semey
071400

Telephone

+77222522251

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Semey Medical University posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Semey Medical University:

Shortcuts

Share